04.03.2021, 13:00

Оралда көпір астынан жас жігіттің өлі денесі табылды

Фото: politeka.net
Жасы шамамен 17-де.

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, азиат пішіндес жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де қалаға қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған.

Жасы шамамен 17-де. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде жедел тергеу тобы жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

«Марқұмның кім екендігі анықталғаннан кейін ақпарат береміз», деді департаменттің баспасөз қызметі.