05.03.2021, 21:11

6-8 наурызға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Ауа температурасы мен атмосфера қысымында ауытқу болады.

"Қазгидромет" синоптиктері 6-8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандағы ауа райы Солтүстік Атлантикалық циклондарға байланысты өзгереді. Жылы және суық ауа массалары ауысады.

"Сол себепті ауа температурасы мен атмосфера қысымында ауытқу болады. Кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді", - деді метеорологтар.