Ақтауда әйелдердің барлығы Халықаралық әйелдер күнінде автобуспен тегін жүре алады, деп хабарлайды inАктау басылымы.
Қалада мерекелік акция алғаш рет өткізілмек.
8 наурызда арулар қоғамдық көлікті еркін пайдалана алады.
"Әйелдер үшін № 2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 автобус бағыты тегін болады. Келе жатқан көктем мерекесімен құттықтаймыз", - делі Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, бұған дейін Түрікменстан әйелдеріне 8 наурызға дейін ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың атынан екі доллардан сыйлық берілетіні мәлім болған еді.