$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің екі ірі қаласы мен төрт облыс «сары» аймақта тұр

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 6 наурызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің екі ірі қаласы мен төрт облыс «сары» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары