06.03.2021, 16:45

Бекшин карантин талаптарына қатысты Қаулыға өзгеріс енгізді

Жаңа қаулыға сәйкес, енді карантин шаралары эпидемиологиялық жағдай асқынғанда ("жасыл" аймақтан "сарыға" немесе "қызыл" аймақтан "сарыға" көшкенде) 5 күн ішінде күшейеді.

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаулы 2021 жылы 9 наурызда 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес, енді карантин шаралары эпидемиологиялық жағдай асқынғанда ("жасыл" аймақтан "сарыға" немесе "қызыл" аймақтан "сарыға" көшкенде) 5 күн ішінде күшейеді, ал карантин шараларын жеңілдету "қызыл" аймақтан "сарыға" немесе "сары" аймақтан "жасылға" көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Алматыда 135 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы Қазақстанда 832 адам тіркелді