$ 487.37  532.94  5.09

Экология министрлігі Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы пікір білдірді

Министрлік өкілдері Қазақстандағы байланыс хайуанаттар бағының қызметі тоқтатылуы керек деп санайды, өйткені бұл жануарлар үшін де, адамдар үшін де белгілі бір қауіпке әкеледі.
Фото: instagram.com/kris.p.online
Фото: instagram.com/kris.p.online

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады. Бұл жергілікті хайуанаттар бағының арыстаны екені белгілі болды, бірақ оны көліктің артқы орнында тасымалдауға рұқсат алынбаған. Аталған факт бойынша инспекторлар тексеру жүргізу үшін полиция департаментіне арыз жазды", - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті директоры Самал Ыбраева.

Министрлік өкілдері Қазақстандағы байланыс хайуанаттар бағының қызметі тоқтатылуы керек деп санайды, өйткені бұл жануарлар үшін де, адамдар үшін де белгілі бір қауіпке әкеледі.

"Соңғы уақытта елде жабайы жануарларды үйде ұстау жағдайлары жиілеп кетті. Менің ойымша, бұл ақылға қонымсыз жағдай. Жабайы жануарларға адам үйінде орын жоқ. Мұндай деректерді заң бойынша алдын алатын уақыт келді. Экзотикалық жануарларды ұстайтын, сондай-ақ оған жағдай жасайтын адамдарға қатаң жауапкершілік шараларын анықтау қажет", - деп қорытындылады департамент өкілі.

Еске салайық, 5 наурызда Желіде көліктің терезесінен қарап отырған арыстанның видеосы пайда болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары