07.03.2021, 10:26

«Бес адам қайтыс болды»: желіде Нұр-Сұлтанда түсірілген ВИДЕО тарады

Видео жазбасында бұл Нұр-Сұлтанда болған жағдай делінген.

WhatsApp және әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда бірнеше адам жиналып, қысылысып, салдарынан бірнеше адам қайтыс болғаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға желісі бойынша, бірнеше адам жиналып, салдарынан "бес адам қайтыс болып, үшеуі жансақтау бөліміне түскен". Видео жазбасында бұл Нұр-Сұлтанда болған жағдай делінген. Алайда Stopfake.kz мәліметінше, бұл оқиғаның Қазақстанға қатысы жоқ.

Қайғылы оқиға Боливияда Эль-Альто университетінде болған. Экономика, қаржы және әкімшілік ғылымдар факультетінің студенттері жиналысқа бара жатқан. Видео Нұр-Сұлтанда түсірілгені туралы мәлімдеме - фейк. Оны видеода адамдардың не қазақша, не орысша сөйлемейтінінен де байқауға болады.