07.03.2021, 21:08

Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу бекетін жабады

Фото: tengrinews. kz
8 наурыз күні адамдар, көлік құралдары, тауарлар шекара арқылы өткізілмейді.

Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті 2021 жылы 8 наурызда жұмыс істемейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл шектеу Қазақстан Республикасында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты енгізілді", - деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.  

Атап айтқанда, 8 наурыз күні адамдар, көлік құралдары, тауарлар шекара арқылы өткізілмейді.

Ведомство тасымалдаушыларды және шекарадан өткісі келетіндердің барлығын енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағдарын алдын ала жоспарлауға шақырды.