Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың ақпан айында тұрғын үй нарығындағы бағалар қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бір айда (2021 жылдың ақпан-қаңтар айлары) көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерді қайта сату бағасы 3,1%, жаңа баспана құны 1,2% өсті. Пәтерді жалға алу ақысы 1,6% қымбаттады, - делінген хабарламада. Орта есеппен республикамызда бір шаршы метрдің бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айымен салыстырғанда өсім 7,7% құрады.
Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің орташа есеппен бір шаршы метр 252 358 теңгені құрайды. Бағаның өсімі - 19,1%.
Ал пәтерді жалға алудағы бір шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгені құрайды, яғни 10,7% өсім байқалады.