$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбеде шенеунікті «ауырып қалғанын» пайдаланып жұмыстан шығарып жіберген

"Ауруханадан шыққан соң, енді сенің керегің жоқ десе, өзім-ақ орынды босатушы едім", -дейді ол.

Жұмыстан босатылған Білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева өзінің отставкаға кететіні туралы білмеген. Ол бір айдан астам уақыт бойы ауруханада жатқан. Облыста Білім басқармасының басшысы ауысып, жұмыстан босатылғаны туралы ол интернеттен көрген, деп хабарлады paryz.kz, "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Екі күн бұрын облыс әкімдігінде хабарлағандай, Білім басқармасының жаңа басшысы Темір ауданының бұрынғы әкімі Жолдас Батырхан болды. Бұл ретте облыстық әкімдіктің хабарламасында бұрынғы басшы Лаззат Оразбаеваның қайда кеткені туралы сөз болған жоқ. Әлеуметтік желілерде бұл сұрақты көптеген оқырман қойған. Облыстың бас мұғалімінің отставкаға кетуі олар үшін күтпеген жағдай болды. Осы уақытқа дейін жасаған еңбегіне рахмет айтып, тезірек сауығып кетуін тілегендер көп болды. Лаззат Оразбаева 3 ақпаннан бастап ауруханада жатыр екен.

"Мені жедел жәрдемге микроинсультпен жұмыс істеуден алып кетті. 3 ақпаннан бастап ауруханада жатырмын. Бір айдан астам уақыт емделдім, қазір оңалып қалдым. Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалғаны туралы әлеуметтік желілерден білдім. Жұмыстан босату туралы бұйрықты көрмедім және жұмыстан босатылғанымды білгенде таң қалдым. Ауруханадан шыққан соң, енді сенің керегің жоқ десе, өзім-ақ орынды босатушы едім. Бұл жағдайға өзім де дайын жүре едім. Өйткені маған денсаулығым маңызды. Мен бастық болып туылмадым, ең бірінші кезекте мұғаліммін. Осы салада 31 жылдық тәжірибем бар. Басқа жұмыс таып алар едім ғой" - дейді облыстық Білім басқармасының бұрынғы басшысы Ләззат Оразбаева.

Өзінің жұмыстан шығып қалғанына қарсы бола ма, жоқ па, әлі белгісіз, қазір ол бірінші кезекте денсаулығын жақсартуды ойлайды. 

Лаззат Оразбаева Білім басқармасының басшысы лауазымына 2017 жылдың қараша айында тағайындалды. 2020 жылы онымен келісімшарт 2023 жылға дейін ұзартылды. Бұған дейін ол Ақтөбе әкімінің орынбасары болған, сондай-ақ қалалық білім бөлімін басқарған. Лаззат Оразбаева "праймеризге" қатысып, кандидат әйелдер арасында рекордтық 3031 дауыс жинады, бірақ қандай да бір сәтте облыстағы білім беруді дамытумен одан әрі айналысу мақсатында өз кандидатурасын қайтарып алатынын жариялап еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары