$ 447.4  477.55  4.76

14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 14 өңірде ескерту жариялады.

10-11 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 11 наурызда екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал. 10 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 10 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. 10 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 10 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с артады. Күңдіз 10 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с күшейеді. 10 наурызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші таңертең және күндіз 15-20 м/с артады. 10 наурызда Атырау облысында тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 10 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с артады. 10 наурызда Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады. 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, Жарма ауданында 25 м/с күшейеді. 10 наурызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20, 23-28 м/с екпінмен соғады. 10 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. 10-12 наурызда Жамбыл обысында тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 10-11 наурызда көктайғақ күтіледі. 10-12 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, 15-20 м/с екпінмен соғады. 10 наурызда күші 23-28 м/с артады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары