$ 449.58  486.94  4.86

Семейде жоғалып кеткен қария өлі табылды

Қария 7 наурыз күні жоғалып кеткен болатын.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Семей қаласында із-түссіз жоғалған 74 жастағы қарияның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 наурызда «102» жедел арнасына Ертіс бойындағы көпір маңында ер адамның денесі жатқандығы туралы хабар түскен.

«Марқұмның кім екендігі анықталды. Бұл осыған дейін жоғалып кеткен Семей қаласының тұрғыны Оралбек Өмірғалиев. Оның неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті шаралар қолға алынуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 1946 жылы туған қария 7 наурыз күні жоғалып кеткен болатын. Үйден белгісіз бағытта шығып кеткен зейнеткерді іздестіру жұмыстарына волонтерлер де тартылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары