$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды

Массаж процедурасы оларға шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейін тұрды.

Медеу ауданында интимдік сипаттағы қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшалай сыйақы үшін өз клиенттеріне боди массажын жасады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы ПД департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мұндай массаж процедурасы оларға шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейін тұрды. Жеке үйдің ғимаратында алкогольдік ішімдіктері бар бар және, тиісінше, демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы - әр облыстан келген жерлестеріміз, біреуі - Өзбекстан азаматы. 

Мұндай боди массажы интимдік қызмет деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет көрсетушілер базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі. Жеке адамдарды анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін барлық «массажистер» полиция Басқармасына жеткізілді», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары