Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында елорда мектептері үшін мыналарға рұқсат етіледі:
Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын дәстүрлі форматта оқыту; 2021 жылы 1 наурыздан бастап мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқу; бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күнін аралас форматта оқыту: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1-сынып - 1 кабинет»қағидаты бойынша оқыту.Сонымен қатар, қаулыға мына шектеулер енгізілді:
Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 25 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру; Жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5 шаршы метр су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру; СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру; Компьютерлік клубтардың жұмысын, тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып рұқсат ету. Тек 18 және одан жоғары жастағы адамдарға рұқсат етіледі; Боулинг орталықтарының жұмысын, тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, 50 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен рұқсат ету. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.Еске сала кетейік, 10 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймаққа енді.