Солтүстік-батыс антициклонының келуіне байланысты 11-14 наурыз аралығында Қазақстанда күн суытып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, кей облыстарда қалың қар жауады. Тіпті, соңы нөсер жауынға ұласуы мүмкін.
Сондай-ақ, айналаны тұман қаптап, боран соғады және көктайғақ болады деп болжануда.
Еске салсақ, кеше Қазақстанның 12 аймағында дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде боран соғып, жел ұйытқуы секундына 15-20 метр болады деп болжады.
Көктайғақ пен қалың қар Нұр-Сұлтанда жол апатының жиілеуіне, әуе рейстерінің кешігуіне және оқушылардың қайтадан қашықтан оқуына себепші болды.