10.03.2021, 18:00

Илон Маск қазақ жастарымен кездесетін болды

Фото: ашық дереккөзі
Ұйымдастырушы Қазақстандық студенттер үшін бұл жақсы мотивация екенін атап өтті.

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск мамырда Қазақстан студенттерімен онлайн кездесу өткізеді. Келіссөздер жеті айға созылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің құрылтайшысымын. Қашықтан оқыту режимі басталғанда студенттердің оқуға деген қызығушылығы жоғалып кетпеуі үшін біз шетелдік оқытушыларды тарта бастадық. Олар апта сайын дәріс оқыды.

Былтыр қыркүйекте Илон Маскты шақырғымыз келді. Мен бәрі оңай, тез өтеді деп ойласам, өкінішке қарай, хат алмасу жеті айға созылды, кеше ғана студенттермен 15-20 минутқа кездесуге дайын екені туралы жауап алдық. Оның кестесі бір жылға жоспарланған", - деді Талғат Төремұратов.

Ұйымдастырушы Қазақстандық студенттер үшін бұл жақсы мотивация екенін атап өтті. Енді онымен кездескісі келетін студенттер санын көбейту жоспарланып отыр. 

"Кездесу 1 мамырда өтеді. Біз студенттердің техникада, бизнес бойынша сұрақтарын қойғанын қалаймыз", - деп толықтырды Талғат Төремұратов.