Жаңалықтар 11.03.2021 сағат 06:35

Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Ол 2016 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаты атанды.
Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әділбек Сәбитұлы 2014 - 2018 ж.ж Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау бокс клубы» МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы болып істеген.

2019 - 2020 ж.ж Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер;

2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жетістіктері мен мемлекеттік наградалары:

- 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері

- 2012 жылы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Лондон, Ұлыбритания)

- 2012 жылы Құрмет орденімен марапатталған

- 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы (Инхон/Корея)

- 2015 жылы Азия чемпионы (Бангкок/ Тайланд )

- 2016 жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Рио де Жанейро/ Бразилия)

- 2016 жылы «Барыс» орденімен марапатталған

- 2016 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаты. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар