$ 447.4  477.55  4.76

Түркістан облысы Қазақстандағы ең «кедей» өңір атанды

"Бұл аштық пен дұрыс тамақтанбау, білімге және басқа да негізгі әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмау, әлеуметтік дискриминация мен оқшауланудан байқалады", - деп жазады сарапшылар.
Фото: vera.kz
Фото: vera.kz

Түркістан облысының әрбір оныншы тұрғыны кедей. Бұл шамамен 230 мың адамды құрайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстан бойынша нашар мәндердің бірі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың төртінші тоқсанының соңына қарай Түркістан облысында 2 миллионнан аса тұрғын есептелді, бұл қазақстандықтардың жалпы санының 10,8 пайызы. Аймақ туу көрсеткіші бойынша да көш бастап тұр. 

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 729,2 мың теңге болды. Бұл еліміздің барлық өңірі арасында ең төменгі көрсеткіш, орташа республикалық көрсеткіштен 70,2 пайызға төмен.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, еліміздің барлық өңірінде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз тұр немесе төмендеген, ал Түркістан облысында - бір тоқсанда өскен, қазір жұмыссыздық 5,3 пайыз. Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстан бойынша нашар мәндердің бірі.

"Түркістан облысындағы кедейлік деңгейі де елдегі ең жоғары. Өңірте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі 11,2 пайыз. Бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 2 есеге жуық артық.

Облыста кедейлік шегінде тұрған 229 мыңға жуық адам бар. Бұл аштық пен дұрыс тамақтанбау, білімге және басқа да негізгі әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмау, әлеуметтік дискриминация мен оқшауланудан байқалады", - деп жазады Finprom сарапшылары.

"Түркістан облысында жұмыссыздық пен кедейдік жағдайы нашарлап жатқанына қарамастан, әкімдік халықты қолдауға аз көңіл бөледі. Мәселен, 2020 жылы облыс бюджетінде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған шығындар 45,1 пайызға, яғни 50,9 миллиард теңгеге дейін қысқарды.

Жалпы, өңірде халықты қолдауға немесе оның табысын арттыруға емес, қаланың өзін жайластыруға көбірек көңіл бөлінеді және оған қаражат та солай бөлінеді. Халықаралық әуежай, халықаралық деңгейдегі қонақүйлер салынып жатыр, жолдар қайта жөнделді. Сонымен бірге, бұл жерде халықты жұмыспен қамту проблемалары өршіп барады: 2020 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздар саны 44 мың адам болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға көп", - деп толықтырды сарапшылар.

Түркістан облысында кедейліктің жоғары болуы мен өмір сүру деңгейінің төмендігінен тұрғындар өңірден жиі көшіп кететіні хабарланды. Басылым мәліметінше, 2020 жылы 107,5 мың адам көшкен, ал көші-қон сальдосы 19,7 мың адам. Бұл ел өңірлері арасындағы ең нашар көрсеткіш екені атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары