12.03.2021, 09:20

Елімізде бір тәулікте 899 адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзі
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 221669.

11 наурызда Қазақстанда ПТР тестінің оң нәтижесі бар коронавирус инфекциясын жұқтырған 899 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 221 699 жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -26 124(+112),

Алматы қаласында - 26 708(+237),

Шығыс Қазақстан облысында - 22 394 (+34),

Атырау облысында - 17 582(+41),

Павлодар облысында - 18 363(+52),

Қарағанды облысында - 15 965(+68),

Ақмола облысында - 14 347(+55),

Батыс Қазақстан облысында – 13 667(+71),

Солтүстік Қазақстан облысында - 12 679(+38),

Қостанай облысында - 12 973(+49),

Алматы облысында - 11 443(+76),

Шымкент қаласында -6 319(+9),

Жамбыл облысында - 6 099(+9),

Түркістан облысында - 4 340(+5),

Маңғыстау облысында - 4 292(+0),

Ақтөбе облысында -4 463(+39),

Қызылорда облысында -3 911(+4)

Тегтер: коронавирус