$ 448.89  477.93  4.76

Талдықорғанда ыстан екі адам уланып көз жұмды, тағы екі бала ауыр хәлде жатыр (ВИДЕО)

Олар 13 және 8 жаста.

Талдықорғандағы жекеменшік жер үйлердің бірінен 60 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Одан бөлек ес-түсінен айырылған тағы екі бала ауруханаға жөнелтілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Оқыс жағдай түскі уақыттар шамасында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы болжамына сай, отбасы мүшелерінен ыстан уланған болуы мүмкін. Қазір аталған дерекке сай қылмыстық іс қозғалды.

"Департаментке Абай көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінде 1960 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына мамандар дереу жетіп, тағы ес-түссіз жатқан екі баланы үйден шықты. Олар 13 және 8 жаста. Қазір бұл оқиға бойынша сараптама жұмыстарын бастадық", - дейді Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Ахашов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары