$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, қаза болғандар бар

Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Мейржан Кенжебаевтың айтуынша, қазір үш науқас ауруханада жатыр.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Ақтөбе-Атырау тасжолында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе-Атырау тасжолында «Honda CRV» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден Қандыағаш қаласына бар жатқан кезде Мұғалжар ауданы, Ақкемір кентінің маңында жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.Ол алдын ала болжам бойынша Темір аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Honda CRV» автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы Қандыағаш қаласының орталық ауруханасында көз жұмды. «Honda CRV» көлігінің жүргізушісі мен «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Мейржан Кенжебаевтың айтуынша, қазір үш науқас ауруханада жатыр.

«1992 жылы туған науқас бас-ми жарақатын алды. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ол есін білмейді. Санавиация шақырылып, бірден нейрохирургтер қарады. Сонымен бірге 1962 жылы туған науқас да түрлі дене жарақатымен түсті. Ол жедел жәрдем қызметкері. Бүгін Ақтөбе қаласына жеткізу жоспарда бар. Сонымен бірге 1992 жылы туған науқастың да жағдайы жақсы. Ол ем алып жатыр», - деді Мейржан Кенжебаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары