Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
13-14 наурызда Жамбыл және Түркістан облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 13-15 наурызда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 13, 14 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
13 наурызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.
13-14 наурызда Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, жел екпіні 28 м/с жетеді және ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.
13 наурызда Қостанай және Ақтөбе облыстарында ауа температурасы 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 18-25 градусқа дейін суытады.