$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО жастары әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың жолдарын талқылады

Кеше ОҚО әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-де «Әлеуметтік желінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Оны тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Семинарға барлық аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылары мен әлеуметтік желіге жауапты мамандары мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Іс-шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

Әлеуметтік желінің жастар арасында кеңінен таралып, маңызды рөл алуына байланысты мемлекеттік мекемелерде жаңалықтар мен хабарландырулардың жедел жетуін және ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру, артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру, оны тиімді пайдалану жолдарын насихаттауды мақсат тұтқан басқосуда ақпараттар ағыны тасқындаған заманда әрбір әлеуметтік желіні қолданушы қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керектігі айтылды.

Одан бөлек, «Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желіде ақпарат тарату белсенділігінің рейтингін құру» тақырыбында және klout сайты туралы белгілі блогер, ОҚО Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі А.Шотаев сөз қозғап, желілерде жазбаларды қай уақытта жариялау керектігі мен пайдаланушыларды тарту, оны бөлісуге ынталандыру, көп «лайк» жинау мен пікір жазуға қызықтыру сынды тиімді тұстарға тоқталды.

Айта кету керек, жыл басынан бері, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі 22 жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен 5 аудан, қала орталықтарында жастарға арнап «Әлеуметтік желінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Оны тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында семинар-тренингтер өткізді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары