$ 447.4  477.55  4.76

Димаштың әні АҚШ-та MTV рейтингінде көш бастады (ВИДЕО)

Қазір Димаш Құдайбергеннің Youtube-тегі Across Endless Dimensions әніне түсірілген клипі 2,5 миллионға жуық қаралды.

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Across Endless Dimensions әніне түсірілген клипі MTV USA-дағы апта сайынғы рейтингтің көшін бастады, деп жазады sputnik.kz.

Әртіс Instagram-дағы парақшасында өз шығармашылығының жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

"Across Endless Dimensions әніне түсірілген менің бейнебаяным бүгін MTV USA-да бірінші орынға ие болды. Дауыс бергендеріңіз үшін көп рахмет. Сіздер маған әрдайым және кез келген жағдайда қолдау білдіріп келесіздер. Мың алғыс", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Friday Livestream MTV бағдарламасының жүргізушісі Кеван Кенни өзінің Twitter-дегі парақшасында қазақстандықты рейтингтегі жеңісімен құттықтады.

"Димашты чарттағы апталық жеңісімен және MTV-дегі ең сұранысқа ие әртістердің ондығына кіруімен құттықтаймын", - деп жазды америкалық жүргізуші.

Қазір Димаш Құдайбергеннің Youtube-тегі Across Endless Dimensions әніне түсірілген клипі 2,5 миллионға жуық қаралды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары