13.03.2021, 19:50

Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатының себептерін анықтауды тапсырды

Фото: akorda.kz
«Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек»,-деп жазды Президент.

ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатының әуе апатының себептерін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Мемлекет басшысының Twitter-іне сілтеме жасап.

«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек», - деп жазды Президент.