$ 494.87  520.65  4.91

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Науқастардың бірі  жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Алматыда Ан-26 әскери ұшағының апатынан жарақат алған екі экипаж мүшесіне операция жасалды, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды, деп жексенбіде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мегаполистің қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

«Зардап шеккендерге операция жасалды, оларды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Олар жан сақтау бөлімінде. Қазіргі жағдай тұрақты қиын деп бағаланады », - деді дереккөз.

«Науқастардың бірі  жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Қандай да бір болжам айтуға әлі ерте», - деді ақпарат көзі.

Ауруханада дәрі-дәрмектер жеткілікті деп сендірді, түнде жетекші мамандар шақырылды, олар әуе апатынан зардап шеккендерді емдеу жөнінде кеңес берді. Өткен сенбіде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиация қызметінің Ан-26 ұшағы Алматы әуежайына қонарда апатқа ұшырады. Бортта экипаждың алты мүшесі болған, олардың төртеуі қайтыс болды, екеуі ауыр жарақаттармен, сынықтармен және күйіктермен ауруханаға жеткізілді.  


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары