$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО мен Жамбыл облысының шекарасындағы тоннель мен жолайрық 2017 жылы салынып бітеді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы М.Пішембаевпен кездесті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Екіжақты кездесуде Бейбіт Бәкірұлы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен «Жібек жолы» шекара өткелі, Шақпақ ата тоннелінің құрылыс учаскелеріндегі жұмыстардың барысын баяндап, Төрткүл, Шәуілдір, Арыстанбаб және Абай ауылы (Сарыағаш ауданы) учаскелеріндегі жөндеу жұмыстары жайлы айтты.

2017 жылдың екінші тоқсанында Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының шекарасындағы тоннель мен «Жібек жолы» шекара өткелі бойындағы автомагистраль жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда. 

Өз кезегінде, облыс әкімі Мақтарал ауданының дамуы үшін маңызды жол болып табылатын Сарыағаш – Қызыл әскер (72 км) тас жолының құрылысы туралы айтып, оған алдағы 2 жыл көлемінде басымдық берілетінін жеткізді.

Аймақ басшысының басты назарындағы кезекті жоба Шымкент қаласының орамды айналма жолы болып табылады. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің зиярат ету туризмін дамытуға үлкен үлесі бар Арыстанбаб – Түркістан учаскесін күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, әңгіме барысында заманауи жол бойындағы қызмет көрсетуді дамытудың мәселелері қозғалды.

Айта кететін жайт, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ОҚО-да бірнеше шақырым қалаішілік және ауылішілік жолдар күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі. Бір ғана Шымкенттің өзінде 500 шақырымнан астам жол ел игілігіне берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары