Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде 12 жылдық оқыту және латын графикасына көшу жоспарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, мектептерді жаңарту 100 пайызға аяқталған.
"Барлық өңірде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептер 100 пайызға бейнебақылаумен, 99 пайызға жылы дәретханамен қамтамасыз етілді.
2023 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланды. Ол үшін біз үлкен жұмыс жүргізуіміз керек. Мысалы, мемстандартты, оқу бағдарламалары мен тобтарды жаңарту (үлгілік оқу жоспарлары). Математика, информатика және тілдер басым пән болады. Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар енгізіледі. 2023 жылдан бастап латын графикасын енгізу жоспарланып отыр", - деді Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.