15.03.2021, 20:55

Төрт адам қаза тапты: Қызылорда да жеке үйде газ баллоны жарылды

Фото: inform. kz
Олардың біреуі - 1981 жылы дүниеге келген үй иесі. Сондай-ақ, үй иесінің 2000 жылғы сіңлісі мен 1999 жылғы туысы, 2001 жылғы көршісі оқиға орнында көз жұмған.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылуы салдарынан қаза болған тұрғындардың кімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін, 15 наурызда сағат 13:30-да Жосалы кентіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде көлемі 27 литр газ баллоны жарылып, үй қирады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының күшімен үйінді астынан 4 адамның мәйіті табылды. Олардың біреуі - 1981 жылы дүниеге келген үй иесі. Сондай-ақ, үй иесінің 2000 жылғы сіңлісі мен 1999 жылғы туысы, 2001 жылғы көршісі оқиға орнында көз жұмған.

«Өрт сөндіру мамандары келгенге дейін көршілер үйден 1950 жылғы көршісін шығарып, ауруханаға жеткізген. Өрт 15:17-де толық сөндірілді. Өрт алаңы 144 шаршы метрді құрады. Ал құлау алаңы 46 шаршы метр.

Сағат 17:05-те үйдің құлаған құрылымдарын талдау жұмыстары аяқталды. Өрт болған жерге тексеру жүргізілуде. Оқиғаның себебі анықталуда. Оқиға орнына Қызылорда қаласынан өрт сынақ зертханасы келді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.