$ 494.87  520.65  4.91

«Қандастарға» жер сатылмауы әрі жалға берілмеуі мүмкін

Қандастарға жер телімін иемденетін бір ғана жағдай қарастырылған. Тек шаруа немесе шаруа қожалығын жүргізетін болса немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қолға алса ғана...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Шетелдіктермен бірге қандастарға да жер сатылмауы әрі жалға да берілмеуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға осындай өзгеріс енгізу жөнінде Мәжіліске ұсыныс берді, деп хабарлады paryz.kz.

Жаңа заң жобасына сәйкес, қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығымен иелене алмайды. Сондай-ақ, 2016 жылы 1 шілдеге дейін жалдау шарттарымен берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болса, ол көрсетілген мерзімге дейін жарамды. Одан әрі ұзартылмайды деп көрсетілген.

Қандастарға жер телімін иемденетін бір ғана жағдай қарастырылған. Тек шаруа немесе шаруа қожалығын жүргізетін болса немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қолға алса ғана. Ондай жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және бос жерден уақытша ғана берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары