$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанда тіпті линолеум шығаратын өндіріс жоқ

Атамқұлов ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен (санфаянс, линолеум, түсқағаз) толық қамту мақсатында қазір шетелдердің  трансұлттық компанияларымен Қазақстан аумағында импорт алмастыратын өндіріс ашу мәселесін пысықтап жатқандарын айтты.

Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін республикада 103 миллион шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«2025 жылға дейін елімізде 103 млн шаршы метр баспана салынады. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Саладағы қажеттілікті анықтау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргіздік. Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді», - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, ішкі нарықты қамтамасыз етіп отырған 10 тауар позициясының қатарында - темір-бетон бұйымдары, бетон, құрғақ қоспалар, лак бояу, керамикалық кірпіш, силикат кірпіш, бетоннан жасалған ұялы блоктар, ішкі есік блоктары, болат есік блоктары, шыны бар. 

«11 позиция бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шамамен 50 пайызды қамтамасыз етіп отыр. Ал линолеум, түсқағаз, санфаянс сияқты 3 позиция бойынша қазіргі уақытта ішкі нарықта өндіріс жоқ», - дейді ол.

Яғни елімізде тіпті лионелум шығаратын өндіріс қалыптаспаған. Атамқұлов ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен (санфаянс, линолеум, түсқағаз) толық қамту мақсатында қазір шетелдердің  трансұлттық компанияларымен Қазақстан аумағында импорт алмастыратын өндіріс ашу мәселесін пысықтап жатқандарын айтты.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Самұрық-Қазына қорымен» бірлесіп, Құрылыс индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірледік. Онда саланы қолдаудың барлық тетіктері қарастырылған», - дейді министр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары