16.03.2021, 20:33

Алматыда локдаун енгізіледі

фото: liter.kz
Өңірде карантиндік шаралардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың да жұмысы күшейтілді.

Соңғы аптада Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт өскен. Облыс басшысы Амандық Баталов эпидемиологиялық ахуалға байланысты облыс аумағында карантин режимі күшейтілгенін айтты, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz.

Белгілі болғандай, мектепке дейінгі мекемелердің, қоғамдық тамақтану нысандарының, діни ұйымдардың, қоғамдық моншалар мен қоғамдық көліктің жұмыс уақыты сағат 17:00-ге дейін, ойын-сауық нысандары мен мейрамханалардың жұмысы сағат 21:00-ге дейін келушілер санын ескере отырып шектелді. Демалыс күндері облыста толыққанды локдаун енгізіледі.

«Алматы қаласы мен облыс арасындағы тығыз қатынасқа байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында індет жұқтырғандар санының біршама өскені байқалады, бас санитар дәрігерлер шектеу шараларын күшейту жөнінде жекелеген қаулы қабылдады», - деп атап өтті Амандық Баталов.

Өңірде карантиндік шаралардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың да жұмысы күшейтілді.