17.03.2021, 09:40

ШҚО-да кәмелетке толмаған екі бала иіс тиіп уланды

Фото: stan.kz
Балалар өздерін нашар сезінген.

15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Секисов ауылындағы үйлердің бірінде пештің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан екі бала иіс тиіп уланды, деп хабарлайды Stan.kz төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында екі бала көміртегі тотығымен уланған.

Үйде 2006 жылы туған жасөспірім мен 2013 жылы туған қарындасы әжесімен бірге болғаны белгілі. Олардың анасы таңертең пешті жағып, жұмысқа кеткен. Ал түстен кейін балалар өздерін нашар сезінген. Бұл туралы анасына телефон арқылы айтқан.

Әйел дереу жедел жәрдем шақырды. Кәмелетке толмаған екі бала ана мен балаларға арналған орталыққа жеткізілді. Олар орташа ауырлық дәрежесінде болды. Балалардың әжесі ыстан уланбағаны хабарланды.

 

Тегтер: улану ШҚО