$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысының тұрғыны қарызын қайтармаған танысын өлтіріп тастаған

Күдіктінің көлігіне отырып, жолда кетіп бара жатып екеуінің арасында дау-жанжал туындаған. Салдарынан қарызды қайтарғысы келмеген күдікті өзінің танысын аяусыз қылғындырып, жер жастандырған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысында ер адам берген қарызын сұрау үшін барып, кісі қолынан қаза болды деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сайрам аудандық полиция бөліміне 14 наурыз күні түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті тұрғын күйеуінің із-түзсіз жоғалғаны туралы айтып, арызданған. Тәртіп сақшылары арызды бірден тіркеп, жоғалған азаматты іздестіруге кіріскен. Жан-жаққа бағыттамалар беріліп, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылған.

Полицейлердің жылдам әрекетінің арқасында күдіктінің ізіне түскен. Оның түр-тұлғасын анықтап, жоғалған ер азаматтың танысы екенін білген. Күдікті Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындамай, жауаптан жалтаруға тырысады. Алайда полицейлер дәлелдер мен айғақты заттарды жинақтап, жоғалған азамат өзінің BMW көлігін тастап, тек осы күдіктімен жолыққанын және күдіктінің көлігіне отырып кеткенін толығымен дәлелдеп шығады. Осыдан соң күдікті өз кінәсін толық мойындайды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, жоғалған ер азамат өзінің танысындағы ірі көлемдегі ақшасын алу үшін онымен жолыққан. Күдіктінің көлігіне отырып, жолда кетіп бара жатып екеуінің арасында дау-жанжал туындаған. Салдарынан қарызды қайтарғысы келмеген күдікті өзінің танысын аяусыз қылғындырып, жер жастандырған. Ал мәйітті өзінің бұрынғы жұмыс істейтін орны, карьердің маңына ауыр қылмысын жасыру мақсатында көміп тастаған.

Күдікті ер азамат қамауда. Ол бұрын сотты болмаған. Бүгінде оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары