$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында карантин талаптарына қатысты қаулыға өзгерістер енгізілді

Сонымен қатар 20-24 наурыз аралығында мына нысандардың қызметі уақытша тоқтайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Жаң қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды: 

  1. Залдарда толымдық 50 пайыздан жоғары, соның ішінде 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар);
  2. 25 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар; 
  3. балаларды сауықтыру лагерлері; 
  4. балалардың ойын-сауық орталықтары; 
  5. ойын-сауық нысандары, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, PS-клубтар, компьютерлік клубтар, цирк, бильярд залдары;

Сонымен қатар 20-24 наурыз аралығында мына нысандардың қызметі уақытша тоқтайды:

  1. сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары;
  2. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, ашық азық-түлік емес базарлар;
  3. қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар және басқалары)
  4. кинотеатрлар мен театрлар.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары