17.03.2021, 17:00

Алматы облысында карантин талаптарына қатысты қаулыға өзгерістер енгізілді

Фото: ашық дереккөз
Сонымен қатар 20-24 наурыз аралығында мына нысандардың қызметі уақытша тоқтайды.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Жаң қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды: 

Залдарда толымдық 50 пайыздан жоғары, соның ішінде 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар); 25 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;  балаларды сауықтыру лагерлері;  балалардың ойын-сауық орталықтары;  ойын-сауық нысандары, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, PS-клубтар, компьютерлік клубтар, цирк, бильярд залдары;

Сонымен қатар 20-24 наурыз аралығында мына нысандардың қызметі уақытша тоқтайды:

сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары; жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, ашық азық-түлік емес базарлар; қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар және басқалары) кинотеатрлар мен театрлар.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.