$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе?

21 наурыздан бастап әр жексенбі сайын толық локдаун енгізіледі.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қандай статистика болған жағдайда қалалар карантинге жабылуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Baq.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, 8 наурыз мерекесі кезінде көпшіліктің санитарлық нормаларға бей-жай қарауының әсеріне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында науқастар саны көбейіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 18 наурыздан бастап қалада карантин талаптары күшейтіледі. Сонымен қатар, 21 наурыздан бастап әр жексенбі сайын толық локдаун енгізіледі. Мұның қанша уақытқа созылары азаматтарға тікелей байланысты. Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Бас санитардың қаулысында жазылған барлық нормаларды орындап, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, масқа тағуды, антисептиктерді дұрыс пайдаланып, топтанған шараларға бармасақ, біз бұл локдауннан жылдам шығамыз», - деді ол.

Ержан Байтанаев егер жағдай ушығар болса, бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылатынын айтты.

«Қазір мұндай мәселе қаралып жатқан жоқ барлығы өз қолымызда», - деді ол.

Айта кетейік, ол бүгінге дейін вакцинация бойынша 600-ден астам ақпарат жарияланғанын айтқан болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары