$ 494.87  520.65  4.91

Режеп Тайып Ердоған жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Түркістанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости Телеграм арнасы ақпарат таратты.

Ердоған 30-31 наурыз аралығында Қазақстанға келеді, делінген хабарламада.
Наурыз айының соңында Түркістанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді.

Түркі кеңесі - қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, оның басты мақсаты мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Өзбекстан кіреді, ал Венгрия оған бақылаушы ретінде қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары