Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам белсенділерінің Семейдегі "Абай арена" стадионының атауын "Елбасы - Арена" деп өзгерту туралы бастамаға пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.
"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс", - деп жазды ол.
Тағы оқи отырыңыз: Семейлік белсенділер спорт кешеніне «Елбасы-Арена» деген атау беру туралы бастама көтерді
Еске салсақ, Семейде даңғыл мен аренаға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жарияланған. Айбек Нұғымаровтың сөзінше, ұсынысты 30-ға жуық адам жасаған. Оның ішінде, ақсақал, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың қоғам белсенділері бар.