$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда белгісіз адам 12 мектепті «жарып жібермекші» болған

Бүгінде бұл ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Белгісіз азамат Алматыдағы 12 мектептің поштасына оларды жарып жіберетіні жайы жазылған хат жіберген. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Бұл туралы 12 жалпы білім беру мекемесінің электронды поштасына келген хаттардан белгілі болды. Онда белгісіз азамат ақша жіберуді талап етеді. Ақша жібермеген жағдайда ол мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытуда", - дейді полиция департаментінде.

Бүгінде бұл ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы - "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы көрінеу жалған ақпарат" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. "Жасырын хат жолдаушының жеке басын анықтау және оны одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары