$ 494.87  520.65  4.91

«Биыл пәтер кілттерін тағы 7 мың үлескерге беруді жоспарлап отырмыз» - Алтай Көлгінов

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бері) құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 2 еседен астам азайды.

Бүгін елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің бірінің құрылысы аяқталғанын мәлім етті. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Алтай Көлгіновтің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

«Бүгін – біз үшін және «Зере-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлері үшін қуанышты күн! Мерекелік күндер қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталды. «Зере-1» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу бойынша соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді.

Үйдің қаңқасы ғана болған. Бірінші кезекте үй мен инженерлік желілердің барлық жобалық-сметалық құжаттамасын дайындадық. Тұрғын үй кешені су, электр, жылу, кәріз сияқты инженерлік желілерге қосылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің қасбеті бойынша жұмыстар жүргізілді, терезелер, лифтілер, есіктер және т. б. орнатылды. Көктемде абаттандыру жұмыстарын бастауды тапсырдым.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бері) құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 2 еседен астам азайды. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

Биыл пәтер кілттерін тағы 7 мың үлескерге беруді жоспарлап отырмыз. Осылайша үлескерлер көптен күткен қоныс тойын тойлап, пәтер иегері атанбақ», - деп жазды елорда әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары