$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда базар өртенді (ВИДЕО)

Өрт сөндіру қызметінің өрт болған жерге жетуіне көліктер кедергі жасаған.
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз

Жұма күні "Байсат" базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 14:51-де өрт сөндіру қызметі Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 7, "Байсат" базарына шұғыл жетті.

"Өрт сөндірушілер 3 минуттан соң жетті. Бірнеше контейнер жанып жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің өрт болған жерге жетуіне көліктер кедергі жасаған. Сондықтан эвакуатор шақыруға тура келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары