Қарағанды облысы бойынша аудан аралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Аренова Самал Рахымқызы қандастар Бекжанов Жеңісбекке 20 жыл және Бұғыбаев Рақымжанға 19 жыл көлемінде қылмыстық жаза тағайындады. Екеуі де жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Алайда іс материалдарымен танысып шыққан Абзал Құспан сот үкімімен келіспейді. Осы орайда ол нақты дәлелдер келтірді.
Абзал Құспанның айтуынша, іс материалдарында Бекжанов пен Бұғыбаевтың дәмханада басқа ұлт өкілдерімен сөзге келіп қалғаны туралы жазылған. Екіншілері қазақ халқына қатысты дөрекі сөздер айтады. Сотталушылар да қарап қалмай, оларға жауап қайтарады. Кикілжің төбелеске ұласып, орыс ұлтының өкілі Антонов есімді азамат ауыр дене жарақатын алады.
«Болды. Басқа істе мән-жай жоқ. Бұл екі азамат саяси қайраткер немесе қоғам белсендісі емес. Мемлекеттік билікке болмаса саясатқа араласып жүрген азаматтар емес. Жай ғана қазақтың азаматтары. Екеуі де — Өзбекстан Республикасының тумасы. Кейін Қазақстанға қоныс аударған. Яғни «қандас», бұрынғыша айтқанда «оралман», — дейді адвокат.
Вернуться к просмотру Әрі қарай ол істе үш заңсыздықтың орын алғанына тоқталды. Түсіндіру ұзақ уақытты алатындықтан, нақты болған оқиғалармен салыстыра отырып, заңсыздықтарды жіпке тізді.
«Бұл екі азамат жасаған іс-әрекет қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандықтан, бұзақылық қылмыспен қамтылады. Бұған ешқандай дау жоқ. Бұзақылық бабымен айып тағылып отыр. Жалпы бұзақылық айыбын мен де бұл жерде көріп отырмын. Хотя бұл бұзақылық әрекеттерді қарсы тарап та жасап отыр. Бізде келеңсіз сот тәжірибесі қалыптасқан: Кім таяқ жесе — сол жәбірленуші, ал таяқ жегізген адам — қылмыскер болып шыға келеді. Яғни той үстінде мейрамханада біреумен төбелесіп қалатын болсаңыз, таяқ жесеңіз — жәбірленушісіз, күшіңіз басым түсіп, жеңіп кететін болсаңыз — сотталушы болып шыға келесіз», — дейді ол.
Екіншіден, «кісі өлтіруге оқталды» деген айыптың негізсіз екеніне тоқталды.
«Тағы бұл кісілерге тағылып отырған жөнсіз айыптардың бірі — осы Антоновты өлтіруге оқталды деген айып. Бұл аса ауыр айыптар қатарына жатады. Негізгі жазаның ауыр болуы да осы себепті. Айып қаншалықты негізді? Қаншалықты мұның бәрі заңдық тұрғыдан дұрыс дәрежеленген? Осыған тоқталып өткім келеді.
Сол жерде Рахымғалиева, Лаптьева деген куәгерлердің айтуынша, ол (Антонов — ред. түсініктемесі) сол жерде ешқандай ауырсынбастан, таксиге отырып кетіп қалады. Таксиді осы куәгерлер шақырып береді. Бірақ судья оны мүлдем басқаша тәпсірлейді. «Куәгер Рахымғалиева келмеген жағдайда бұл екеуі өлтіріп қоятын еді. Өлтіріп қоюы мүмкін еді» деп 99-бап «Адам өлтіру», соның ішінде екінші бөлігімен талдайды. Яғни бұл баптың бірінші бөлігі аса ауыр қылмыс болса, екінші бөлігі одан да қиын. «Одан сайын өлтіріп қоятын еді, мына куәгерлердің арқасында аман қалды» дейді. Ол куәгерлер сотта басқаша жауап береді.
«Біз келіп құтқарып алдық» демейді. «Біз келген кезде Антонов тұрды» дейді. Тіпті, Антоновтан арақ ішіп алған ба, мас па деп сұрайды. Сөйтсе ол жаңағындай таяқ жеп тұр екен. «Такси шақырып бер» деп айтады. Кейін шақырып берген таксимен ауруханаға барады. Артынан анасы бір сағаттан кейін келеді. Бір сағаттан кейін дәрігерлердің қарауына кіре алмай анасы сол коридорда жүреді. Осы жағдайлардың барлығы сотта анықталып тұрса да, судья тергеу кезінде жазылған мына куәгерлердің «Біз келіп көмектестік» деген куәліктерін басшылыққа алады», — деп нақтылады Абзал Құспан.
Қорғаушы сотқа дейін куәгерден жауап алуға жәбірленуші тараптың адвокаттары қатыса алмайтынын айтады. Жауап алу кезінде тек тергеушінің сұрақтарына жауап береді. Ал екі тарап та тек сот тергеуі жағдайында ғана сұрақ қоя алады.
«Сол кезде ғана әлдеқайда толық картина ашылады. Бірақ судья сотта анықталған мән-жайларға емес, тергеу кезіндегі материалға сілтеме жасап, «Бұл екеуі өлтіріп қоятын еді, ана куәгерлердің арқасында аман қалды» дейді. Үкімде ана екі қыз бала келіп қазақтың екі жігітін тоқтатқандай қылып суреттеген. Себеп не? Себеп — біреу. Бұл жерде жәбірленуші — орыс ұлтының өкілі, сотталушы — қазақтар. Кузнецовтың жағдайында керісінше жәбірленуші, өліп жатқан — қазақ, сотталушы орыс ұлтының өкілі болды. Осы себеп деп есептеймін бұл жерде.
Бұл екі азаматқа 174-бап бойынша айып тағылған. Яғни қауіпті, лас сөздер қолданған деп. Сөзбе-сөз айтатын болсақ, бірінші сотталушы Бекжанов тарапынан ғана айтылған, Бұғыбаевтың тарапынан айтылмаған. «Вас русских надо поубивать, вас нужно перерезать» деген дейді куәгерлердің жауабына сілтеме жасап. Бірақ сол куәлар орыс ұлты өкілдерінің атынан да, қазақтың атынан да осындай лас сөздер айтылғанын айтып отыр. Бірақ оған ешқандай құқықтық баға берілмейді. Оған ешкім бас ауыртпайды. Бір күнде көрініс алған жағдайға екі түрлі баға беріліп отыр. Біреуі бойынша бұлар 174-баппен істі болады. Екіншісі бойынша, бұған ешкім, тіпті, ләм-мим деп назар аудармайды», — деп ашынды адвокат Абзал Құспан.