$ 443.85  474.3  4.8

Тоқтар Серіковтің анасы дүниеден өтті

Суық хабарды әнші Сәкен Майғазиев жеткізді.
Фото: instagram
Фото: instagram

Отандық әнші Тоқтар Серіковтің анасы қайтыс болды, деп жазады Skifnews.kz. ақпараттық порталы.

Суық хабарды әлеуметтік желіде әнші Сәкен Майғазиев жеткізіп, досына көңіл айтты.

"Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анымызға Фирдаус жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары қара жамылған отбасыға көңіл айтып, қайғыларына ортақтасқан.

"Иманды болсын... өкінішті. Анаңызды керемет құрметтейтін едіңіз, әр қазақтың ұлы сіздей болсын", "Анаңыздың жаны жаннатта болсын. Тоқтар мырза сізге, туыстарыңызға Алла сабыр берсін", "Әттең-ай... Жанымыз жабырқап қалды. Бекем болыңыздар. Алла алдынан жарылқасын", "Апамыздың жаны жаннатта болсын! Алла алдынан жарылқасын!", "Иманды болсын", - деп көпшілік көңіл айтуда. 

Skifnews.kz ақпараттық порталы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары