21.03.2021, 02:40

Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Фото: ашық дереккөзі
Ол карантин талаптарын қатаң ұстануды сұрады.

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис тұрғындарынан демалыс және мейрам күндері карантин талаптарын қатаң ұстануды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ол қалада карантинді бұзу фактілері күндіз де, түнде де тіркеліп жатқанын атап өтті.

«Менің жастарға айтарым бар, өзімшілдікті қою керек. Сіздер жассыздар, ауру сіздерде симптомсыз өтуі мүмкін. Бірақ инфекцияны үйлеріңізге апарасыздар. Салдарынан инфекциялардың 37% отбасыларда тіркеледі. Осы фактілерді ескере отырып, жасырын жұмыс істейтін түнгі клубтар мен мейрамханаларға барудан бас тарту керек», - деді Ж.Бекшин.

Ол адамдар тойды жасырын түрде жасайтынын білетінін айтты.