Түркістан облысының Қарамұрт ауылында сұмдық оқиға болды. Осы аптада сол ауыл маңынан ер адамның мәйіті табылды. 25 жастағы азаматты өзінің танысы буындырып өлтіріп, денесін тастардың арасына көміп кеткен. Күдікті мұндай қанды қылмысты қарызды қайтарғысы келмегеннен жасаған көрінеді. Бұл туралы Stan.kz Информбюроға сілтеп хабарлайды.
Жантүршігерлік қылмыс өткен жұмада болуы мүмкін. Өйткені кешкісін бақилық болған азамат өзіне берешегі бар танысымен кездесуге шығып кеткен. Алайда сол күйі үйін қайта оралмаған. Ал осы аптада марқұмның мәйіті бұрын өзі жұмыс істеген ауыл шетіндегі карьерден табылды. Ол аяусыз соққыға жығып, буындырып өлтірген екен. Полицейлер көп ұзамай кінәлілерді қолға түсірген.
Күдікті бастапқыда басын алып қашқанымен, кейіннен қарызын қайтарғысы келмегендіктен адам өлтіргенін мойындапты. Әрі ауыр қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті көмген жерін көрсетіп берген.
"Ұрып-соғып, жағын айырып, мұрнын сындырған. Көздерін ойып тастаған. Кеше көргенде жаман болып кеттім. ", - дейді марқұмның ағасы Болат Артықбаев.
Туыстарының айтуынша, марқұм болған жігіттің танысына сегіз миллион теңге ақшасын даулап жүргеніне бірнеше ай болған екен. Алайда қарызды қайтарғысы келмеген танысы оны жазым етіп құтылмақ болған. Енді күдіктінің үстінен адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып қамауға алынды.