$ 494.87  520.65  4.91

Желіде полицейдің сотталғандарды ұрған ВИДЕОсы пайда болды

Таратылған бейнежазбаның сипаттамасында сотталған 3 адамның зардап шеккені айтылған...

Желіде бір полицейдің сотталғандарды ұрған бейнежазбасы пайда болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, Маңғыстау облысының ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған бейнежазбаның сипаттамасында ҚР ҚК-нің 124-бабы ("Жас балаларды азғыру"), ҚР ҚК-нің 234-бабы ("Экономикалық контрабанда") және ҚР ҚК-нің 346-бабы ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу") бойынша сотталған 3 адамның зардап шеккені айтылған.

"Қазір Маңғыстау облысының ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 362-бабы, 1-бөлігі ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары