23.03.2021, 16:24

Шетелден ұшып келген тағы төрт адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзі
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп жатыр.

Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті. 

2021 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді. 3708 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 688 адам, анықтамасыз 20 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына - 13 рейс, 2014 жолаушы, анықтамамен - 2 008, анықтамасыз - 6;

Шымкент қаласының әуежайына - 5 рейс, барлық 659 жолаушы анықтамамен келген;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 462; анықтамасыз - 12;

Ақтау қаласының әуежайына - 3 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 418; анықтамасыз - 2;

Қарағанды қаласының әуежайына 1 рейс, барлық 141 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп жатыр. 21 наурызда шетелден анықтамасыз келген 177 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде, үш жолаушы Шарм-әл-Шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Киев - Алматы рейсімен келген.