$ 494.87  520.65  4.91

«Әлемнің 20 еліне аштық қаупі төніп тұр» – БҰҰ

Мамандар 34 млн адам «өлімге бір қадам жерде» тұрғанын айтуда.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Әлемнің 20 елі азық-түлікке аса мұқтаж. Егер тиісті көмек көрсетілмесе бұл елдерде аштық басталуы мүмкін. Мұндай ескертуді БҰҰ-ның азық-түлік мәселелерімен айналысатын екі мекемесі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Йемен, Оңтүстік Судан және Нигерия солтүстігінің тұрғындары үшін аштық басталды делінген Біріккен Ұлттар ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының дайындаған баяндамасында.

Аштық қаупіне тап болған елдердің көбінің Африкада орналасқанымен, бұл проблема басқа өңірлерге де қатысты болып отыр: Азиядағы Ауғанстан, Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливан, Латын Америкасындағы Гаити – осы және басқа мемлекеттерге халықаралық қауымдастықтың көмегі аса қажет.

Мамандар 34 млн адам «өлімге бір қадам жерде» тұрғанын айтуда.

«Өмірлерді сақтап қалып, тұрғындардың табыс көздерін сақтап қалу және жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін шаралар қолдану – біздің ортақ парызымыз», - деп атап өтті БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының Бас директоры Цюй Дунъюй.

Оның айтуынша, аштықты алдын алу үшін шұғыл халықтың осал топтарына гуманитарлық көмек көрсетіп, қажет деп болжанған 5,5 млрд долларды жинау қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары