$ 449.58  486.94  4.86

ШҚО-да ер адам қар күреп жүріп көпқабатты үйдің шатырынан құлап кеткен (ВИДЕО)

Тәртіп сақшыларының айтуынша, құлағаннан кейін ер адам қар күреу үшін шатырға қайта көтерілген.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының тұрғыны 4 қабатты үйдің шатырында қар күреп жүріп құлап кетті, деп хабарлайды жергілікті Altaynews.kz сайты.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 21 наурызда болған.

"Сағат түскі бір шамасында Алтай қаласының Космонавтов көшесінде 33 жастағы ер адам қар тазалау кезінде 4 қабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Ер адам жарақат алған жоқ. Ауруханаға бармады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, құлағаннан кейін ер адам қар күреу үшін шатырға қайта көтерілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары